ШҚО-да 10 литрден астам алкогольді түрме аумағына лақтырмақ болған ер адам ұсталды
ШҚО-да түрмеге қоршау арқылы алкоголь құйылған сұйықтықтың көп мөлшерін жазасын өтеушілерге жолдамақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/20 колониясында аумақтың сыртқы периметрін бақылау кезінде мекеме қызметкерлері түрме аумағынан күдікті затты лақтырмақшы болған адамды байқаған. Қызметкерлерді көрген күдікті қашпақшы болған. Алайда қызметкерлермен ол ұсталып, одан 10 литрден астам алкоголь сұйықтығы бар бөтелке, ұялы телефондар, қуаттағыштар, құлаққаптар тәркіленген.
– Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттарды түрмеге кіргізуді болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Мекеме қызметкерлері әрдайым өз міндеттерін мұқият орындауда, – деді мекеме бастығы Қайсар Батырбеков.
Ұсталған адам ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылатын болады.