Семейлікті танысы 680 мың теңгеге алдап кетті
Семейлікті танысы 680 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 мамырда Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық ПБ «102» жедел арнасына 59 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ол 2018 жылдың шілдесінде оның танысы қала банктерінің бірінде 680 мың теңгеге жуық қаражатын алдап алғанын хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, қаскөй өз несиесін жабу үшін ақшаны сұрап алған.
Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің нәтижесінде жауап алу кезінде мойындалған 42 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.