Түркістандық полицейлер балаларға судағы қауіпсіздік туралы айтты
Түркістандық полицейлер балаларға судағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаз маусымында адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін, сақтамауының соңы орны толмас қайғы мен өкінішке әкеліп жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін полиция қызметкерлері арнайы жұмыстар атқарады.
Мәселен, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары жасөспірімдерге арнайы судағы қауіпсіздік шаралары жайлы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балаларға ата-аналарының қарауынсыз, рұқсат берілмеген аумақтарға бармау, суға ұзақ шомылмау, қоршау белгілерінен алыстамау, суда жүзе алмайтындар үшін арнайы балондарсыз бармау айтылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері балалар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.