Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер қызмет бабында қайтыс болған әріптестерінің шаңырағына барды

Шымкенттік полицейлер қызмет бабында қайтыс болған әріптестерінің шаңырағына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2022 жылы 18 мамырда мезгілсіз өмірден озған ІІО-ның зейнеткері, осы басқармада біраз жылдар бойы адал қызмет еткен Жәдігер Мансуров Елемесұлын еске алып, оның үйіне арнайы барып, отбасымен жүздесті.

Қаза тапқан қызметкердің жұбайына және балаларына сыйлықтар тарту етті. Басқарма қызметкерлері әріптесінің қызметтегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Қазақстан Полициясының 30 жылдық мейрамын тойлауға жақын уақыт қалғанда өмірден озған Жәдігердің бүгінде артынан алты баласы қалды. Аяулы жары Айгүл Мансурова өзінің балаларымен қатар, қарамағына ағасының 3 балаларын қамқорлыққа алған. Олардың барлығын ешкімнен кем қылмай, ұлын ұяға, қызын қияға қондырсам дейді.

– Ағамыз 2014 жылы зейнетке шықса да, кезінде қарулас достарын ешқашан ұмытқан емес. Есірткімен күрестің қыр-сырын меңгерген ол артынан ерген інілеріне үнемі өзінің ақыл-кеңесін айтып, тәлім-тәрбие беріп отыратын еді. Біз әріптестермен бірге «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні» аясында ағамыздың отбасын қуантып, хал-жағдайын сұрап келдік, – дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Балжан Манабаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру