Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмоланың бас полицейі облыстың екі ауданын аралады

Ақмоланың бас полицейі Сандықтау және Атбасар аудандарын аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы бойынша Полиция департаментінің бастығы Думан Таев аумақтық бөлімшелердің жеке құрамымен танысуды жалғастыруда. Ақмола полициясының басшысы Сандықтау және Атбасар аудандарын аралады.

Сапар барысында Д. Таев Максимовка ауылында орналасқан Сандықтау АПБ-нің №3 учаскелік полиция пунктіне барды. Мұнда бір жарым мыңнан астам адам тұрады, олардың көпшілігі «Максимовское» және «Свободное» ЖШС-де жұмыс істейді. Учаскелік пунктте жұмыс істеу және азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдай жасалған, қызметтік автокөлікке арналған жылы бокс бар. Ауылда орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану функциясы бар бейнебақылау камералары УПП-дағы учаскелік полиция инспекторының мониторына шығарылған. Учаскелік полиция қызметкері А. Құрманғожинмен әңгімелескен ақмолалық бас полицей тұрғындармен жұмыс қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.

Думан Әшкенұлы аудандық бөлімдердің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты, автокөліктердің, гараждардың жағдайын және көліктерде құтқару құралдарының болуын тексерді. Аудандық полиция бөлімдерінде аудан әкімдерінің қатысуымен кеңестер өтіп, оның барысында 6 айдағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды. Жиынға ІІО ардагерлері қатысты. ПД бастығы жеке құрамға Ішкі істер министрі қойған міндеттерді жеткізді. Бұл ретте жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жүргізушілердің көлік тәртібіне ерекше назар аударылды.

– Облыс жолдарында жануарлардың макеттерін орнату мәселесін пысықтау қажет. Бұл материалдық шығындарды талап етеді, бірақ адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысының ерекше бақылауында, – деп атап өтті облыстық ПД бастығы.

Қызметтік кеңес соңында полиция ведомствосының басшысы Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбековты, Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановты «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапаттады. Атбасар аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Біләлов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жеке тәртіптілігі және Қазақстан полициясының 30-жылдығын мерекелеу құрметіне «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, облыстық департамент бастығы «Максимовское» ЖШС директоры Александр Закусиловқа белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісіндегі жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісін табыс етті.

Жұмыс сапарлары барысында бас ақмолалық полицей аудан тұрғындарымен жеке қабылдауда кездесті. Халықпен осындай кездесулер барысында адамдар өзекті мәселелерді көтереді.
Сандықтау АПБ қызметкерлерінің жұмысына Балкашино ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің директоры Флорентина Келлер жоғары баға берді. Педагогтың айтуынша, оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп дабыл түймесімен жабдықталған.
Шаңтөбе кентінің тұрғындары Галина Константиновна мен Бағдат Назарович өткен жылдың қараша айында орын алған адам өлтіру ісінің бетін ашқан Сандықтау бөлімінің полиция қызметкерлеріне алғыс сөздерін айтты. Қылмысты ашумен айналысқан қызметкерлер көтермеленетін болады.

Каменка ауылының тұрғыны Владимир Александрович қылмыстық істі тергеу мәселесі бойынша жүгінді. Ер адамды екі белгісіз адам ұрып кеткен. Ақмолалық тұрғын сот-медициналық сараптаманы қайта жүргізуді сұрайды. Думан Таев сараптама тағайындауды және істі аяғына дейін жеткізуді тапсырды.

Балкашино ауылының тұрғыны Сергей Александрович көппәтерлі тұрғын үйде тұратынын, аулада кішкентай балалар ойнайтынын айтты. Ол «тұрғын аймақ» жол белгілерін орнатуды сұрады. ПД бастығы көше-жол желісіне тексеру жүргізуді және тексеру нәтижелері бойынша, егер мүмкін болса, осы белгілерді орнатуды тапсырды.

Атбасар ауданындағы қабылдауда криминалдық полиция қызметкерлеріне алғыс сөздерімен Атбасар қаласының тұрғыны Сергей Дорофей жүгінді. 2019 жылдың қараша айында алаяқтар ер адамның атына несие рәсімдеген. Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің арқасында алаяқтық ашылып, ақшалай қаражат иесіне қайтарылды.

Атбасар қаласының тағы бір тұрғыны Атбасар қаласында уақытша бейімдеу және детоксикация орталығын ашу қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Бұл мәселені шешудегі қиындық – бұл полицияның құзыретіне кірмейді, қазір ол денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Болашақта Бурабай, Атбасар аудандарында және Көкшетау мен Степногорск қалаларында медициналық айықтырғыштарды ашу жоспарлануда. Думан Әшкенұлы Анастасия Викторовнаға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді. Жұмыс сапарлары барысында ПД бастығы облыстың 10 тұрғынын қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру