Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері студенттерді криминалистердің жұмысымен таныстырды

Петропавл полицейлері студенттерді криминалистердің жұмысымен таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері мен жас полиция қызметкерлері СҚО ПД криминалистикалық полигонына барды. Полигон 10 жыл бұрын қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін құрылған. Мұнда музей орналасқан, онда қарудың сан түрлі коллекциясы, алынған іздердің үлгілері, жалған құжаттар, криминалистикалық техника жинақталған. Сондай-ақ полигонда оқиға орындарының моделі жасалған. Сабақ барысында жас криминалистер із бен заттай дәлелдемелерді алу, атыс және суық қаруды жіктеу, түрлі криминалистикалық есептерді пайдалану бойынша практикалық дағдыларды игереді. Оқиға орындарын тексеруге қатысатын жедел уәкілдерге, тергеушілерге, анықтаушыларға, учаскелік инспекторларға тұрақты сабақтар өткізіледі.

Заңгер мамандығының студенттері – полигонға жиі келеді. Мұндай кездесулер оларға полиция жұмысының ерекшелігін көзбен көріп ұғынуға септігін тигізеді.

– Мен әлі нақты қандай мамандықты таңдауға шешім қабылдаған жоқпын, бірақ бүгінгі алған білімім құқық қорғау қызметінде пайдасын тигізері сөзсіз, – дейді үшінші курс студенті Серік Оразбек.

Петропавл қалалық ПБ жедел-криминалистикалық бөлімі бастығының орынбасары Ғаділ-Ғұмар Алпысбаев келген қонақтарға криминалистика тарихы, полицейлер жүргізетін зерттеулер жайлы тоқтала кетті.

– Криминалистика — полиция жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Жыл басынан петропавлдық полицейлер 1298 оқиға орнын тексеруге қатысты. Криминалистикалық есептерді, коллекциялар мен карточкаларды пайдалану 129 қылмысты ашуға септігін тигізді, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру