Тараз түрмесіне аяқ киімге жасырып есірткі кіргізбек болған ер адам ұсталды
Тараз түрмесіне аяқ киімге жасырып есірткі кіргізбек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 шілде күні ЖД-158/7 мекемесінің жедел және режим бөлімдері мен 5513 әскери бөлімі қызметкерлерінің кезекті рет қамаудағыларға келіп түскен сәлемдемені тексеру барысында күдікті заттар көзге ілінді. Кіруге тиісті заттарды жіті тінту кезінде қоңыр түсті аяқ киімнің өкшесінің ішінен 9 целлофан пакетіне оралған жасыл түсті, спецификалық иісі бар, өсімдік тектес белгісіз масса және де бір целлофан пакетіне оралған, ақ түсті спецификалық иісі бар зат анықталды.
Атаулы сәлемдеме Тараз қаласының 37 жастағы тұрғыны М.-дан осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған Ж.-ға жолданыпты.
Тәркіленген затты анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды.
Аталған факті бойынша процессуалдық шешім қабылдау және анықтау үшін Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің жедел тергеу тобы шақыртылып, ұсталған азамат ары қарай тиісті жазаға тартылу үшін ұсталып, табысталды.