Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полицейлер орманда жоғалып кеткен Германиядан келген жасөспірімді тапты

Солтүстікқазақстандық полицейлер орманда жоғалып кеткен Германиядан келген жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілденің 22 күні Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғыны Айыртау ауданының полиция бөліміне 16 жастағы жиенінің сағат таңғы алтыда жоғалып кеткенін хабарлаған. Олар Имантау ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде болған. Полиция дереу іздестіру шараларын бастады. Іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, қорықшылар, орманшылар және барлық бей-жай қарамайтын адамдар қатысты. Баланың фотобағдарлары WhatsApp-қа жіберілді. Полициейлер мен қорықшылар аумақты аралап шықты. Нәтижесінде ізестірудегі азамат туыстарына қайтарылды.

Бұл күрделі күн туралы облыстық полиция ведомствосының Instagram-аккаунтындағы direct-хабарламада қала тұрғыны солтүстікқазақстандықтарға алғысын білдіріп, болған оқиғаны баяндап берді.

– Бүгін біздің отбасымызда ерекше оқиға болды. Айыртау аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің арқасында біз туған адамымызды таптық. Полицейлер өтінішімізді дереу қабылдап тез әрі нақты шаралар қабылдады. Қорықшылар, демалушылардан ұйымдасқан үлкен команданың іздеуі нәтижесінде жоғалған адам табылды. Сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. Біз осындай полицияның барына қуанамыз әрі мақтан тұтамыз!, – деді ол.

– Петропавлға жас жігіт әжесіне ата-анасымен қонаққа келген. Жуырда Имантау демалыс аймағында туыстарымен байланысын жоғалтқан ресейліктер хабарласқан. СҚО тұрғындары мен қонақтарын демалыс кезінде байланыста болуларын сұраймыз. Туыстарыңыз жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз, – дейді Айыртау ауданының ПБ бастығы Марат Серкешев.

Жыл басынан СҚО-ға із-түссіз жоғалғандар бойынша 275 арыз-шағым түскен. 270 адамның жүрген жері анықталды, оның 90-ы кәмелетке толмағандар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру