Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Ақмола облысында «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдың басынан бері Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасында интернет-алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелді.

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында 26-28 шілде аралығында облыс аумағында «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– Интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері – әлеуметтік желілердегі онлайн-мәмілелерге байланысты алаяқтық, банк карталарынан ақша ұрлауға байланысты алаяқтық, азаматтардың жеке деректерін иеленуге арналған фишингтік сілтемелерді пайдалану, – деп атап өтті полицияда.

Полиция департаменті Ақмола облысының барлық азаматтарын сақ болуға және осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда 102 жедел арнасына дереу хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру