Павлодар облысында 13 жастағы жасөспірімді ит тістеп алды
Павлодар облысында 13 жастағы жасөспірімді ит тістеп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетекші ауылының тұрғындары полицияға қоңырау шалып, көшеде қарғыбауы мен мен тұмылдырығы жоқ ит 13 жастағы жасөспірімді тістеп алғанын хабарлады, ол медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген. Тәртіп сақшылары иттің 36 жастағы иесін анықтап, ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы бойынша жауапкершілікке тартты.
Тағы бір жағдайда, Павлодар қаласы Алматы көшесі бойында өз иті баланы қауып алған, ол да медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
– Бүгінгі таңда 150-ден астам ит иелері өз үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.