Степногорск тұрғынынан 12 келі қарасора тәркіленді
Степногорск тұрғынынан 12 келі қарасора тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасора-2022» профилактикалық операциясы аясында жедел ақпаратты пысықтау кезінде Степногорск қаласында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.
36 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі жеке учаскеде қарасора бұталары, сондай-ақ өсімдіктерді суару құрылғылары табылды. 173 бұта тәркіленді, сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленгеннің салмағы 12 келіден асты.
Ер адамға қатысты ҚР ҚК 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қала тұрғынының айтуынша, қарасора өсімдіктері жеке тұтыну мақсатында өсірілген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Жылдың басынан бері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірудің 4 фактісі анықталды.