Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер ІІМ ардагерін 70 жылдығымен құттықтады

Ақмола облысында полицейлер ІІМ ардагерін 70 жылдығымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 тамызда Ақмола облысы Полиция департаментінің қабырғасында ІІО ардагері отставкадағы милиция майоры Билал Евниевке құрмет көрсетілді. Ведомство басшылығы мен ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесі ардагерді 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жас полиция қызметкерлерімен тәрбие жұмысына көмек көрсеткені, сондай-ақ ардагерлер кеңесінде белсенді жұмысы үшін және мерейтой құрметіне Қазақстан ІІО ардагерлер ұйымы және Ұлттық ұлан төрағасының атынан мерейтой иесіне «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісі  жəне Ақмола облыстық Полиция департаменті бастығының алғыс хаты табыс етілді.

Департаменттің Кадр саясаты басқармасының бастығы Елкебек Әубәкіров ардагерді мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және отбасы амандығын тіледі, сондай-ақ баға жетпес тәжірибесі мен кәсібилігі үшін алғысын айтты.

Билал Евниев 1952 жылы дүниеге келген, орта мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Армиясы қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштеріне шақырылды. Демобилизациядан кейін Қарағанды мемлекеттік университетінің қаржы-несие факультетінде оқыды.

Қызметтік жұмысын 1975 жылы Көкшетау облысының ІІБ-нен бастады. Ұзақ уақыт Қаржы-жоспарлау бөлімінде, ОБХСС бөлімінде, кейін қылмыстық іздестіру және қабылдау-тарату бөлімінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп, 1997 жылы Билал Евниевич отставкаға кетті.

Полиция қызметінің ардагері қала аумағында жасалған сол жылдардағы ең резонансты қылмыстар туралы естеліктерімен бөлісті. 1980-2000 жылдар аралығында қылмыстық іздестіру жұмыстары туралы айтып берді.

Евниевтердің отбасында екі бала мен бес немере бар. Қазіргі уақытта ардагер азаматтық қызметте белсенді қызметін жалғастыруда және сүйікті отбасымен тұрады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру