Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейі автожолда қостанайлықтарға көмек көрсетті

СҚО полицейі автожолда қостанайлықтарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Көкшетау-Қостанай» автожолында көлігі сынған қостанайлықтар үш сағат бойы жол жиегінде тұралап қалған. Бұл туралы отбасымен бірге қиын жағдайға тап болған 56 жастағы жүргізуші хатында жазған. Кешкі сағат 7 шамасында Чернобаевка ауылының маңында оның Audi A4 автокөлігі бұзылып қалған. Көліктегі туыстары жергілікті тұрғындардан көмек сұрау үшін ауылға бармақшы болған, бірақ жол жиегінде тұрған полиция көлігін көріп, көліктің рөлінде отырған учаскелік полиция инспекторы Мақсат Кикбаевқа жүгінген.

– Тас жолда бір сағатқа жуық тұрып қалдық, өтіп бара жатқан көліктерден көмек сұрадық, тоқтамады. Ауылға жеткенде, кездейсоқ учаскелік инспекторды кездестірдік. Ол бірден көмек көрсете бастады. Дүкендердің жабық, уақыттың қараңғы болғанына қарамастан, қажетті қосалқы бөлшекті тауып берді. Темір ұстасы Сандерс Евгений Владимировичті әкелді, ол көліктегі ақаулықты жоюға көмектесті. Рузаев ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторына алғысымды білдіргім келеді, – деп жазған зейнеткер.

 

– Мақсат Кикбаевтың бақылауында 6 елді мекен бар. Құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, қиын жағдайда адамдарға көмектесу – әрбір полицейдің міндеті. Жүргізушілерге алыс сапарларды мұқият жоспарлауды, өзімен бірге мобильді құрылғыларды алып жүруді, жолға шығар алдында-көліктің техникалық жарамдылығына көз жеткізуді ұсынамыз, – дейді Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру