Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда жоғалған жасөспірімдер тәулік ішінде табылды

Таразда жоғалған жасөспірімдер тәулік ішінде табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығына сағат 23:50 шамасында Жуалы ауданының тұрғынынан 11 және 12 жастағы балаларының үйден шығып, қайта оралмағандығы жайлы хабарлама келіп түскен.

Аталған дерек бойынша Полиция басқармасының жеке құрамы және ерікті азаматтардың қатысуымен қала аумағындағы саябақтар, қараусыз қалған ғимараттар, базарлар мен жасөспірімдердің баруы мүмкін деген жерлердің барлығы жіті тексерілді.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің тәулік бойы жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, таңғы 07:20 шамасында қала iшiнде орналасқан көпірдің бірінің астынан ұйықтап жатқан жасөспірімдер табылды.

Қазіргі таңда балалар аман-есен ата-анасына табысталды. Олармен арнайы психолог мамандар профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Жалпы, талдау нәтижелеріне сәйкес, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Жамбыл облысы бойынша іздестіру жарияланған хабар-ошарсыз кеткен адамдардың саны екі есеге қысқарған.

Мәселен, 2021 жылы 97 адамға іздестіру жарияланып, 82-сі анықталды. Оның ішінде 13-і кәмелетке толмағандар. Ал ағымдағы жылы 43 адамға іздеу жарияланып, 31-і анықталды. Оның 7-і кәмелетке толмағандар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру