Қостанайда жол апатынан кейін көлігін тастап, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Қостанайда жол апатынан кейін көлігін тастап, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Таңғы сағат 4 шамасында «102» пультіне «Март» ОСО күзетшісінен қала орталығында белгісіз жүргізушінің ЖКО жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Mercedes алдындағы кедергілерді – сәкілерді, қоқыс жәшіктері мен жарықтандыру бағаналарын соққан. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші мемлекеттік нөмірлерін алып тастап, ізін суытқан.
Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталды.
ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабының 1-бөлігінде (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабының 2-бөлігінде (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) көзделген әкімшілік іс жүргізу басталды.
Қазіргі уақытта жүргізушінің мас күйін анықтау үшін куәландыру тағайындалды.