Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апаты орын алды: бір адам көз жұмды

16 тамыз күні «Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық» тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Газель жүргізушісі Ақтөбе қаласы бағытындағы жолда қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Темір ауданына бара жатқан Тoyota Camry автокөлігімен соқтығысқан.

ЖКО салдарынан Тoyota Camry автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, төрт жолаушы Темір аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаңыздар, белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыздар, қарсы қозғалыс жолағына шықпаңыздар. Сіздерді үйде жақындарыңыз күтеді!», – деді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру