Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ауыл тұрғыны тракторды масаң күйде басқарған

Павлодар облысында ауыл тұрғыны тракторды масаң күйде басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданының Ленин ауылында учаскелік инспекторы шабындық алқаптарда патрульдеу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз МТЗ-82 тракторын байқады.

– Тракторды тоқтатып, жүргізушімен әңгімелескеннен кейін алкогольдің өткір иісі шықты. Жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды. Ал медициналық куәландыру қорытындысы полицейдің күдігін растады – ауыл тұрғыны мас күйде болған, – деп хабарлады Ертіс ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Сұңғат Әбенов.

51 жастағы ауыл тұрғынына қатысты көлік басқару құқығы жоқ бол тұра, мас күйінде көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБК 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан басқа, көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінсіз жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша жауапқа тартылды. Сотпен құқық бұзушыға 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Жыл басынан бері Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1761 жүргізуші жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру