Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері кәмелетке толмаған көлік ұрлаушыны ұстады

17 жастағы жеткіншек мас күйінде біреудің көлігін айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Щучинск қаласында Lada Kalina автокөлігінің айдап әкетілгені туралы ақпарат патрульдік полиция батальонының экипаждарына 30 тамызда сағат 02:30 шамасында келіп түсті.

Тәртіп бұзушы полицейлердің тоқтау туралы талаптарына бағынбаған және полициядан жасырынып, “Петропавл – Нұр-Сұлтан” республикалық трассасына шығып, онда облыстық патрульдік полиция батальонының автопатрульдері айдап әкетушіні ұстауға жұмылдырылған.

Полиция жасағы бағдар бойынша берілген автокөлікті байқап, тоқтау туралы белгі бергенімен жүргізуші жылдамдық режимінен асып, өзі үшін де, қозғалыстың басқа да қатысушылары үшін де қауіп тудыра отырып, қозғалысты жалғастырған. Көлікті басқара алмаған жеткіншек брусқа соғылып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Дене жарақаты жоқ, тек орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталды.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Өз кезегінде көліктің заңды иесі ақмолалық құқық қорғау органдарына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру