Кір жуғыш машинаның ішінде марихуана сақтаған жетісайлық анықталды
Кір жуғыш машинаның ішінде марихуана сақтаған жетісайлық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары «Қарасора-2022» профилактикалық шарасы кезінде түрлі есірткі сақтау, тасымалдау, заңсыз есірткімен айналысу секілді жайттарды анықтауда.
Мәселен, Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері орта жастағы ер адамның есірткі сақтағанын анықтады. Тұрғынның үйін тінту кезінде оның ауласынан бірнеше түп сора есірткісі мен сарай ішінде тұрған кір жуғыш машинадан ақ қағазға оралған марихуана табылды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алынды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.