Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау полицейлері бопсалаушыны кезекші тәулікте қолға түсірді

Көкшетау полицейлері бопсалаушыны кезекші тәулікте қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 18 жастағы тұрғынының бопсалау фактісі туралы өтініші келіп түсті.

Өтініш берушінің айғақтары бойынша, 30 тамызда Д. есімді жігіт одан 50 мың теңге сомасында ақша қаражатын бопсалаған. Өтініш беруші қаскүнемді аз білетінін және ортақ таныстарының ортасында тек бір рет көргенін, алайда бұл құқық бұзушыға қауіп-қатер арқылы жәбірленушіге өз атына шағын қарыз рәсімдеткізіп, ақшалай қаражатты оған тапсыруды талап ету кедергі келтірмегенін хабарлады. Жас жігіт бас тартқаннан кейін қаскүнем жас жігіт ендігі жерде оның алдында «қарызда» екенін айтқан. Бопсалаушы оны енді жайына қалдырмайтынын түсінген жас жігіт полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды. Ол уақытша жұмыссыз 19 жастағы көкшетаулық болып шықты.

Аталған факті бойынша полиция басқармасы ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі «Бопсалаушылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру