Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен полицейлері жоғалған екі баланы тапты

Өскемен полицейлері жоғалған екі баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйекте сағат 19:00-де «102» арнасына кәмелетке толмаған қызын іздеуге көмек көрсетуді сұраған облыс орталығының 33 жастағы тұрғынынан қоңырау келіп түсті.

Әйелдің айтуынша, оның 2010 жылы туған қызы кешке құрбыларымен серуендеуге шығып, үйіне қайтпай, хабарсыз кеткен. 12 жастағы қызын ойлап алаңдаған анасы полицияға жүгінген, алайда 10 минут өткен соң кәмелетке толмаған қыз үйіне өз бетінше оралған.

Сол күні кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы тағы бір өтініш түсті. Сағат 20:00-де 38 жастағы қала тұрғыны «102» арнасына хабарласып, кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйел 2008 жылы туған ұлы таңертең мектепке кетіп, қайта үйге оралмағанын айтқан.
Бала таңертең мектепке барғысы келмей ашуланғаны белгілі болды.

Кәмелетке толмаған баланы іздеу мақсатында Өскемен қаласы ПБ жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді.

Түні бойы жалғасқан іздеу операциясының нәтижесінде, 6 қыркүйек сағат таңғы сағат 8:00 шамасында Өскемен қаласы Үлбі ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары жоғалған баланы Михаэлис көшесінен тапты. Бала аман-есен табылды. Кәмелетке толмаған баланың айтуынша, ол ата-анасын ренжігендіктен, үйіне бармаймын деп шешкен.

Қазіргі уақытта бала үйде, туыстарымен бірге. Баланың ата-анасы құқық қорғау органдарына және кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін барлық азаматтарға үлкен алғысын білдіреді.

– Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жоғалу жағдайларының жиілеуіне байланысты ата-аналарға кәмелетке толмағандармен осындай фактілердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттілігін ескертеді. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта өз үйінен тыс жерде болуы ата-аналарға қатысты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін, – деді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру