Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пакетке төрт пышақ салып алып жүрген павлодарлықтар анықталды

Павлодарда пакетке төрт пышақ салып алып жүрген адамдар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері тұрғын үйлердің аулаларын тұрақты түрде тексереді, сондай-ақ қоғамдық орындарда құқықтық тәртіптің және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылайды.

Мысалы, заң нормаларын бұзушыларды анықтаудан басқа, кезекті осындай патрульдеу кезінде Павлодар қаласының №16 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері күмәнді пәтерлерді, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды тексеруге ерекше назар аударды.

– Тексеріс кезінде қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішу, тыныштықты бұзу сияқты ұсақ бұзушылық, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері сияқты бұзушылықтар анықталды, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Қанат Дүйсекенов.

Ол сондай-ақ барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Мысалы, Гагарин көшесінде өзімен бірге төрт пышақ алып жүрген азаматтар анықталды. Ер адамдар полиция бөліміне жеткізілді. Пышақтар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

ВИДЕО МҰНДА

Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлеріне Н.Назарбаев даңғылы бойында ер адам ойын алаңында спирттік ішімдіктер ішіп отырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер ер адамды анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Ведомствода атап өткендей, құқықтық тәртіпті сақтау бойынша мұндай іс-шараларды полицейлер түрақты түрде жүргізеді. Өткен тәулікте Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары полиция бөлімдеріне 270 адамды жеткізді, 106 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына (медициналық айықтырғышқа) 46 азамат жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру