Петропавлдық полиция офицері жанұясы мен қызметі туралы айтып берді
Петропавлдық полиция офицері жанұясы мен қызметі туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Харизмалы, белсенді, үлкен тәжірибесі бар – әріптестері полиция полковнигі Сағындық Темиреевті осылай сипаттайды. Ол Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары лауазымын атқарып келеді. Міндет шеңбері – кадрмен жасақтау және жеке құрамның тәртібін бақылау, біліктілікті және құқықтық сауаттылықты жоғарылату бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Бір қарасаң күнделікті жұмыс, дегенмен бұл лауазымға тек өмірдің небір сынағынан өткен офицерлерді алады.
Сағындық Темиреев балалық шағынан адамдарды қылмыскерлерден қорғауды аңсаған. Бірақ бұл қызметті ол бірден бастамаған. Әкесін үлгіге алып өзінің туған Красноармейский ауданында (қазіргі Тайынша) бірнеше жыл тарих мұғалімі болып жұмыс істеген. Сонда да бала күнгі арманы жібермей, ол 1997 жылы Ішкі істер органында учаскелік инспекторынан қызметін бастаған. Кейін жедел уәкіл, кезекші бөлімнің аға инспекторы, басшылық лауазымдарды атқарды. 2011 жылдан бастап кадр жұмысына ауысты, қазіргі лауазымын 2019 жылдан бері атқарып келеді.
Мансабын төменгі қызметтерден бастаған Сағындық Темиреев қызметті барлық қырынан танып, қызметкерлердің мықты және әлсіз жақтарын байқауды үйренген. Педагог болған тәжірибесі де сыртта қалмады, осының барлығы кадрлық шешімді дұрыс қабылдауына әсер етеді. Балаларының үшеуі өмірлерін полициямен байланыстыруды шешкен. Барлығының басты мотивациясы – әкелеріне ұқсау.
– Мен үгіттеп және бетін қайтарған емеспін: осындай шешімдерді өздері қабылдайды. Тек ескерттім: қиыншылықтан қашпау керек, оларды өтіп, төзімді болу керек. Балаларға да, жеке құрамға да айтып отырамын: өмірде мақсатты дұрыс қоя біліп, оған қол жеткізу керек, – дейді Сағындық Балтабайұлы.
Полициядағы жұмыс жанұяға деген уақытты ығыстырды. Балалардың тәрбиесі үшін Сағындық жұбайы Сандуғашқа дән риза. Ұлдары мен қыздарын көрмеген күндері де болған. Спорттық ойындармен, жанұясымен жол жүрген, оқылған кітаптарды талқылаумен толған сирек болған демалыс күндерін жылы есіне алады. Бүгінде оның ұлы Жігер патрульдік полиция батальонының взвод командирі қызметін атқарады, қыздары Арай мен Мөлдір – тергеуші және бейнебақылау инспекторы. Енді олар да жеке өмірлеріне уақыттарын аз бөледі, сонда да Отбасы күнінде полиция полковнигі Темиреев дастархан басында барлық бес балалары мен сегіз немерелері болатынына үміттеніп отыр. Полицейлер әулетінің бертінгі ұрпағы қандай жол таңдайды екен? Сағындық Балтабайұлы бұл туралы болжамағанды жөн көреді.
– Өздері таңдайды. Бастысы – адал, еңбекқор және мақсатты болсын. Бұл біздің жастарға, отбасы мүшелеріне немесе жас полиция қызметкерлеріне беретін басты үлгі, – дейді полицей.