СҚО-да полицияға жұмысқа орналасу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде
СҚО-да полицияға жұмысқа орналасу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәсіби бағдар беру жұмысын солтүстікқазақстандық полицейлер жандандырды. Облыс орталығының орталық сауда үйлерінде полицияның кадр саясаты бөлімшелерінің қызметкерлері полицияға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Бейнеролик, ақпараттық буклеттер, тікелей кеңес беру – облыстық полиция ведомствосының кадр саясаты басқармасының офицерлері, қалалық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп, барлық ниет білдірушілерге қызметке қабылдау ережелері мен жұмысқа орналасу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Лауазымдарға бұрын сотты болмаған, 35 жасқа дейінгі орта білімнен төмен емес білімі бар ҚР азаматтары қабылданады; ерлер – бойы 170 см-ден төмен емес, әйелдер – 160 см-ден төмен емес. Тұрақты жалақы, киім-кешек, жеңілдіктер-белгілі бір ерекшеліктер мен қиындықтар болған кезде полициядағы қызмет көптеген артықшылықтарды білдіреді.
Мысалы, облыстың ең ірі полиция бөлімшесі – Петропавл қаласының Полиция басқармасына қазіргі уақытта жедел уәкілдердің, тергеушілердің, анықтаушылардың, учаскелік полиция инспекторларының бос лауазымдарына орналасу үшін мамандар қажет. Сонымен қатар, қатардағы құрам лауазымдарына қабылдау жүріп жатыр.
Полицияға қызметке орналасқысы келетіндердің барлығы Петропавл, Жұмабаев көшесі, 118 мекен-жайы бойынша орналасқан «қалалық бөлімге» № 217, 216 кабинеттерге немесе 8-701-869-92-40, 8-705-264-84-32, 49-32-17, 50-12-52 телефондары бойынша хабарласа алады. Сондай-ақ, тікелей облыстық аппараттың кадр саясаты басқармасына мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Алматинская көшесі, 55. Ауыл тұрғындары тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция бөлімдерінен кеңес ала алады.