Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда екі ер адам қылмыс үстінде қолға түсті

Рудныйда екі ер адам қылмыс үстінде қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында екі ер адам металл тіректі ұрлауға тырысқанымен, қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмады.

Күзет қызметкерлері жоғары вольтты бағананы ұрлаған күдіктілерді ұстады.

– Рудный қаласында 31 және 33 жастағы ер адамдар кәсіпорындардың бірінің шаруашылық аумағына кірген. Жергілікті тұрғындар газжалынды жабдықтың көмегімен жоғары вольтты металл тіректерді кескен. Ұрлық жасау барысында оларды күзет қызметкерлері ұстады, – деді Қостанай облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Абзал Болатов.

Металл сынықтарының салмағы 750 килограмды құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру