Ұры Жезқазған тұрғынының ұялы телефоны мен қол сағатын ұрлап кеткен
Ұры Жезқазған тұрғынының қымбат ұялы телефоны мен қол сағатын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қыркүйектің 24-і күні Жезқазған қаласының ПБ-на 23 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз біреудің ұялы телефонын және банк картасы мен қол сағатын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 376 мың теңгені құрады.
Мән-жайды анықтай келе жәбірленуші достарына қонаққа барғанын, ол жерде алкогольді шамадан тыс мөлшерде тұтынғанын мойындады. Ол үйіне жетіп, подъезге кіріп, ұйықтап қалған. Белгісіз біреу осы мүмкіндікті пайдаланып, жәбірленушіден өзімен бірге болған бағалы заттарды алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті 32 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындап,заттай айғақ алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.