СҚО-да әйелдің 8,5 миллион теңгесін қолды қылған интернет-алаяқтар сотталды
СҚО-да әйелдің 8,5 миллион теңгесін қолды қылған интернет-алаяқтар сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да 25 және 30 жастағы Алматы қ. тұрғындары сотталды. Олар Петропавл қаласының тұрғынына 8,5 миллион теңгенің шығынын келтірген интернет-алаяқтыққа қатысты болып шықты.
Бір жыл бұрын полицейлер осы оқиғаны алға тартып, желілік аферистердің қаупі туралы халықты ескерткен болатын. Өзін банк қызметкерімін деп таныстырған белгісіз қылмыскер әйелге қоңырау шалып, атына қылмыскерлердің несие ресімдегенін айтқан. Оларға тосқауыл болу үшін өзіңізге несие алып, ақшаны көрсетілген шоқта салуыңыз қажет деген. Алаяқтың нұсқауымен әйел бес банктен займ ресімдеген.
СҚО полицейлері алматылық әріптестерімен бірлесе аталған қылмысқа қатысы бар бір топ адамды анықтады. СҚО-да оңтүстік астананың екі тұрғыны сот алдында жауап берді. Олар алаяқтық топтың басқа мүшелеріне жіберу үшін ақшаны қабылдап отырған. 30 жастағы қылмыскер, қаржы технологияларын жетік білетін бұрынғы банк қызметкері жәбірленушілерден түскен ақша қаражатын криптовалютаға айналдырып отырған.
– Сондай-ақ, қылмыскерлер ақшаға мұқтаж жандарды тауып, алаяқтық әрекеттерін іске асыру үшін олардан банк карточкаларын сатып алып отырған. Ересек сотталушыға қатысты 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылса, оның сыбайласы 3,5 жылға сотталды. «Банктен келіп түсетін қоңырауларға» сенуге, бөгде адамдардың айтуымен қаржы операцияларын жасауға болмайтынын еске саламыз. Күмән тудырса банк филиалына барыңыз немесе полицияға хабарлаңыз. СҚО-да 8 айдың ішінде «банктен қоңырау» желісі бойынша жасалған 107 интернет-алаяқтық тіркелді, – деп нақтылайды СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.