Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны көлік жуу алаңында ақшасынан айырылды

Ақмола тұрғыны көлік жуу алаңында ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қазанда Бурабай ауданының полиция бөліміне Щучинск қаласының 47 жастағы тұрғыны Lada Lurgus автокөлігінен белгісіз біреу еркін қол жеткізу арқылы 15 мың теңге сомасында ақшалай қаражаты бар әмиян ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді. Өтініш беруші көліктің салонын жуу кезінде әмиянды көліктің үстіне қойған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Үй-жайда орнатылған бейнебақылау камералары қаскөйді анықтап табуға септігін тигізді.

Ол Щучинск қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру