Жамбылдық полицейлер пәтер ұрлығын ашты
Жамбылдық полицейлер пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байзақ ауданының тұрғыны полиция қызметкерлеріне теледидар ұрлаған күдіктіні ұстағаны және теледидарды қайтарғаны үшін алғысын білдірді. 49 жастағы азамат полицияға теледидарының ұрланғаны туралы шағымданды. Шағымында белгісіз адам үйіне заңсыз кіріп, 100 мың теңге тұратын теледидарды жасырын түрде ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Байзақ ауданының полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Сарыкемер ауылының 57 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Баптың санкциясымен мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.