ШҚО-да Lada Granta жанармай таситын көлікпен соқтығысты
ШҚО-да жеңіл көлік жанармай таситын көлікпен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жанармай таситын көліктің қатысуымен адам өлімі орын алған ЖКО болды.
2 қарашада сағат 07:15 шамасында Глубокое ауданындағы Өскемен-Рахман қайнарлары автожолының 16-шы шақырымында 48 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta жүргізушісі ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен яғни, абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқарушының жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.