Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады
Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қарашада Ақмола облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полициясының қызметкерлері Атбасар қаласының Сейфулин көшесінде Mercedes автокөлігін тоқтатты, тізгінде 27 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде болған.
Құжаттарды тексеру барысында тамызда сот шешімімен жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні медициналық мекемеге жеткізді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол алкогольдік мас болудың ауыр дәрежесінде болған.
Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Көлік айыппұл тұрағында қойылды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.