Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жол апатынан үш адам зардап шекті

Жетісу облысында жол апатынан үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жол көлік оқиғасы 14 қараша күні Үшарал – Қамысқала автожолында орын алды. Toyota Camry автокөлігі жол жиегінде орналасқан ағашқа соқтығысты. Автокөлік салонында бес адам болған. Олардың үшеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

27 және 22 жастағы зардап шеккендер әзірге дәрігерлердің бақылауында. Көлікті 47 жастағы ер адам басқарған.

Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру