Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік ер адам алаяқтың арбауына түсіп, млн теңгесінен айырылды

Ақтөбелік ер адам алаяқтың арбауына түсіп, млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ер адамға белгісіз адам қоңырау шалып, өзін «Тізбекті реакция» компаниясының қызметкері ретінде таныстырған. Ол ер адамға өзінің табысын екі есеге көбейтуді ұсынып, интернет арқылы Any Desk қосымшасын жүктеуді сұраған. Жәбірленуші алаяқтың барлық әрекеттерін жасап, алаяқ жәбірленушінің шотынан бір млн теңге шешіп алған. Кейінірек ол алдаудың құрбаны болғанын түсініп, полицияға арыз берген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

– Мұндай жағдайлар жиі орын алуда. Алаяқтар адамды психологиялық тұрғыдан басуға тырысады, оған уақыт қалдырмауға асығады. Сіз өз деректеріңіз бен SMS-кодтарды айтпасаңыз, алаяқтар ешқашан сіздің ақшаңызды ала алмайды. Ешбір жағдайда Any Desk бағдарламасын жүктемеңіз, осылайша сіз алаяқтарға ұялы телефоныңызға кіруге мүмкіндік бермейсіз. Банктік қызметтерге қатысты мәселелер бойынша нөмірлері ресми интернет-сайттарда жарияланған банктердің call-орталықтарына тікелей хабарласыңыз. Интернеттегі алаяқтардың құрбаны болу қаупі туралы туыстарыңыз бен жақындарыңызға ескертіңіз. Егер, сіз күдікті қоңырау алсаңыз, «102» телефонына хабарласыңыз, – деп ескертеді Ақтөбе облысы бойынша ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру