Абай облысының тұрғынынан заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Абай облысының тұрғынынан заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
3 қарашада «Браконьер» ЖПІШ барысында Шар қаласының 50 жастағы тұрғыны өз үйінде заңсыз атыс қаруын сақтауы мүмкін деген жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Абай облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ҚР ІІМ ҰГ «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің және Жарма АПБ қызметкерлерін тарта отырып, 50 жастағы ер адамның үйінің дәлізіндегі шкафтан және дәліз бөлмесіндегі шкафтан заңсыз сақталған мылтық пен тиісті рұқсат құжаттары жоқ патрондары бар жарақаттық тапанша тәркіленді.
ПД-ның жедел-криминалистикалық басқармасы маманының қорытындысына сәйкес, аталған мылтық 5,6 мм калибрлі ТОЗ-16 үлгісіндегібір оқпанды, бір қуатты аңшылық карабині, сондай-ақ тапанша ПБ-4-1МЛ моделінің ұңғысыз тапаншасы, 18Х45 мм калибрлі ОСА кешені болып саналады.
ІІМ-нің арнайы базалары бойынша тексеру барысында ер адамның қарудың заңды иесі емес екені, сондай-ақ «Криминалдық қару», «тіркелген қару» базасы бойынша БДБ есебі бойынша тексеру кезінде анықталмағаны белгілі болды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3 бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.