Қостанайдың патрульдік қызметіне жаңа қызметтік көлік берілді
Қостанайдың патрульдік қызметіне жаңа қызметтік көлік берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz
ҚР ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Бұл бағытта патрульдік полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жетекші рөл атқарады.
Облыс аудандарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Қамысты ауданының полицейлеріне жаңа патрульдік көлік бөлінді.
19 қарашада Қамысты ауданы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусин барлық қажетті талаптарға сай Chevrolet Cobalt жаңа автокөлігінің кілтін патрульдік полиция тобы қызметінің инспекторы Жалғас Әубәкіровке табыс етті.
– Аудан аумағында республикалық маңызы бар Қостанай – Қарабұтақ тас жолы өтеді. Оны патрульдеу тұрақты негізде жүзеге асырылады. Ауданда қылмыстың екі есеге жуық төмендеуі байқалады. Жаңа көлік азаматтардың хабарламаларына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Жалғас Әубәкіров.
Естеріңізге сала кетейік, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Қостанай облысы ПД патрульдік полициясына соңғы екі айда 44 жаңа автокөлік тапсырған болатын.