Жамбыл облысында 8 экологиялық қылмыс тіркелді
«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Жамбыл полицейлерімен 8 экологиялық қылмыс тіркелді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қазаннан бастап Жамбыл облысының аумағында табиғат қорғау заңнамасы бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасы кезеңінде облыста сегіз қылмыстық іс тіркелді және тіркелмеген 21 бірлік атыс қаруы тәркіленіп, 293 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар Қордай ауданының табиғатты қорғау полициясының инспекторлары орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қордай-Жайсан ауданына қарасты Аухатин ауылдық округінің Майбұлақ таулы аймағында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында күзетілетін қорық аймағында жануарды аулады деген күдікпен екі ер адам ұсталды.
Тексеру барысында ұсталғандардан еліктің ұшасы (тушасы), 3 аңшылық тегіс ұңғылы қару мен патрондар табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 26 фактісін анықтады. Сарысу ауданының полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енген сексеуілді заңсыз кесіп жатқан 35 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің жанынан кесуге тыйым салынған төрт қап ағаш табылды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-биологиялық сараптамасы тағайындалды.