Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны жұмыс орнында қолын жарақаттап алды

Ақмола тұрғыны жұмыс орнында қолын жарақаттап алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қарашада Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясы фельдшерінің жергілікті ауруханасының қабылдау бөлмесіне облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны «саусақтардың, білектің және қолдың травматикалық ампутациясы» диагнозымен түскені туралы телефон хабарламасы келді. 

Жәбірленуші Көкшетау қаласындағы кәсіпорындардың бірінде тоқыма қаптар станогымен жұмыс кезінде саусағын жарақаттап алғаны анықталды.

Полиция басқармасы осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 156-бабының 2-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру