Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында дүкен сатушысына қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 желтоқсан күні түнгі сағат 23.00 шамасында Қарағанды облысы Осакаров аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінде қарақшылық фактісі болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобының қызметкерлері жіберілді.

Дүкенде белгісіз біреу 65 жастағы сатушыға шабуыл жасаған. Күдікті жәбірленушіні пышақ және балтамен қорқытып, дене жарақаттарын келтіріп, азық-түлік және 30 мың теңге ақша алып кеткен.

Полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен «ізін суытпай» 29 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабына «Қарақшылық шабуыл» сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру