Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында қоғамдық көлік жүргізушілер арасында 352 бұзушылық анықталды

Қостанай облысында қоғамдық көлік жүргізушілер арасында 352 бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5-11 желтоқсан аралығында облыс аумағында полиция қызметкерлері «Автобус» жедел алдын алу іс-шараларын өткізді. Негізгі мақсат – автокөлікпен жолаушылар және жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жол қозғалысы қатысушыларының көлік тәртібін арттыру, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу.

ЖААІШ қорытындысы бойынша қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасында 352 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды. Заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 13 жүргізуші, рейс алдындағы тексеруден және медициналық тексеруден өтпеген 5 жүргізуші, міндетті техникалық тексеруден өтпеген 21 жүргізуші жауапқа тартылды.

Техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін 21 жүргізуші, жылдамдық тәртібін асырғаны үшін 2 адам, телефонмен сөйлескені үшін 41 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 72 жүргізуші жауапқа тартылды. 11 заңсыз тасымалдаушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар автобус парктерінің 17 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды. ТЖД-мен бірлесіп 193 автобустың өрт қауіпсіздігіне сәйкестігі, электр жабдықтарының жай-күйі тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру