Ақтауда Түркістан облысының тұрғынынан синтетикалық есірткі табылды
Ақтауда Түркістан облысының тұрғынынан синтетикалық есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 желтоқсан күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Ақтау қаласы 25-шағын ауданда орналасқан қойма маңында 19 жастағы Түркістан облысының азаматы ұсталды.
Жеке тінту жүргізу кезінде құрамында мефедрон синтетикалық есірткі заты бар 30 байлам табылып, тәркіленіп алынды. Кейін уақытша тұрғылықты жері бойынша пәтерді тінту барысында құрамында мефедрон синтетикалық есірткі заты бар көлемі үлкен бір байлам тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 44,84 граммды құрайды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.