Түркістан полицейлері алаяқтық жасаған Астана тұрғынын анықтады
Түркістан полицейлері алаяқтық жасаған Астана тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу телефон арқылы қоңырау шалып, көлік ұтып алдыңыз, оны алу үшін 150 мың теңге аудару керексіз деп сендіріп, есеп шотына 150 мың теңге аудартып алған.
Аталған жайтты түркістандық полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.
Түркістандық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Содан күдікті деп танылған жұмыссыз ер адамды Астана қаласынан тұрғылықты мекенжайынан анықтады. Күдікті азаматтың жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы тексерілуде. Бүгінде сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.