Қостанай облысында полицейлер бір тәулік ішінде жоғалған жылқыларды тапты
Қостанай облысында полицейлер бір тәулік ішінде жоғалған жылқыларды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Амангелді ауданының полиция бөліміне Құмкешу ауылының тұрғыны Ерқанат Ержігітов өтініш білдірді. Ол өткен 2022 жылдың 23 желтоқсанында жайылым алаңынан түрлі түсті, әр түрлі жастағы 6 бас жылқы жоғалып кеткенін түсіндірді. Шығын сомасы 2,8 млн теңгеден асады. Осы уақыт ішінде мал иесі өз бетінше іздеуге тырысқан. Ол полицияға 2023 жылдың 16 қаңтарында ғана жүгінген.
17 қаңтарда іздеу іс-шаралары барысында Амангелді ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері криминалдық полицияның жедел уәкілі Бақтияр Шоптибаев және патрульдік полиция тобының инспекторы Ерғали Жанарбаев жоғалған малды Құмкешу ауылынан 100 шақырым жерден тауып алып, мал иесіне қайтарып берді.
– Малдың жоғалғаны туралы хабарды алғаннан кейін біз бірден жылқы табынын іздеуге шықтық. Олар шамамен соңғы жайылымның жеріне шығып, ұзақ уақыт бойы қардың ізін іздеді. Бір тәуліктен кейін біз жоғалған жылқыларды таба алдық, – деді Бақтияр Шоптибаев.
Мал иесі Амангелді ауданының полиция бөлімінің қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.
– Жылқылардың табылып қалар деген үмітім үзіліп еді. Оны өзім таба алмадым, содан кейін олар маған көмектесе алады деген үмітпен полицейлерге баруды шештім. Менің үмітім ақталды. Сіздерге үлкен рақмет және қызметте табысқа жетіңіз, – деп жазды Ерқанат Ержігітов.