Алматы облысында автокөлік дисклерін ұрлаған азамат анықталды
Алматы облысында автокөлік дисклерін ұрлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар айында Алматы қаласы тұрғынының Қарасай ауданы Кемертоған ауылында салынып жатқан үйінің ауласынан төрт дана автокөлік дискілері, сондай-ақ құрылыс құралдары ұрланған. Жалпы шығын 160 мың теңгені құрады.
52 жастағы ер адамның Қарасай ауданының полиция басқармасына көмек сұрап жазған арызынан кейін, тәртіп сақшылары дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Нәтижесінде 21 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді.