Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй аламын деген шымкенттік 7 млн теңгесінен айырылды

Үй аламын деген шымкенттік 7 млн теңгеге жуық қаражатынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мемлекеттен пәтер алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

22 қаңтарда, сағат 13:58-де Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны шағымданған. Ол өз арызында, бір айдан бергі танысы Шымкент қаласынан “мемлекеттік бағдарлама бойынша екі ай уақыттың ішінде пәтер алып беремін”, – деп, 6 млн 650 мың теңге ақшасын алдын ала алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер. Бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған.Сондай-ақ, ұсталған азаматша бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, істі болғандығы анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру