Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда тұрғынның телефонын тартып алған күдікті анықталды

Түркістанда тұрғынды ұрып-соғып, телефоны мен ақшасын тартып алған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі сағат 01:00 шамасында оған қалалық саябақтардың бірінде белгісіз біреу шабуыл жасаған. Яғни, ұрып-соғып, телефоны мен ақшасын күшпен тартып алған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді.

Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асты. Оқиға орнына бірден Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері келіп, куәлардан жауап алып, жақын маңдағы аумақтарды аралады.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні анықтады. Ол бұрын дәл осындай тонау қылмысы үшін сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Сезікті ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру