Қостанай академиясының өкілі петропавлдық оқушылармен жүздесті
ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілі Серік Едіресов СҚО ПД кадр саясаты басқармасымен бірлесіп, Петропавл мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ жүйесінің жоғары оқу орындарында білім алудың артықшылықтары туралы петропавлдық оқушылар естіп білді. Полиция мамандығының беделі, тегін білім алу, офицерлік атақтар, құқық қорғау қызметінің кез келген бағытында жұмыс істеу мүмкіндігін ашатын диплом — осының барлығын балаларға ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілі Серік Едіресов айтып берді.
Ол СҚО ПД кадр саясаты басқармасымен бірлесіп, алты мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Полиция қызметкерлерінің аудиториясы шамамен 400 адамды құрады. Оқушылармен жүздесудің уақыты кездейсоқ таңдалмады. Уақыт бар кезде дұрыс таңдау жасау, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып, кем дегенде 50 ұпай жинау және спорттық дайындықты қолға алуға мүмкіндік бар. Әңгімелесу барысында СҚО ПД кадр саясаты басқармасының қызметкерлері қызығушылық танытқан балалардың байланыс нөмірлерін жинады. Олар WhatsApp чатқа қосылып, полицейлерден кеңес алады. Жасөспірімдер бұл чатқа ата-аналарын да қоса алады.
– Қостанай академиясы әкімшілік блок қызметкерлерін дайындайды. Олардың қатарына учаскелік полиция инспекторлары, ювеналдық полицейлер, көші-қон қызметі, патрульдік полиция және құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған басқа да бөліністер кіреді. Ішкі істер органдарында қызмет атқару – бұл мінез-құлқыңды шыңдап, еліміздің өркендеуіне үлес қосудың жақсы мүмкіндігі, – деп нақтылады СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова.
Ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі туралы толығырақ ақпаратты Петропавл тұрғындары Алматы көшесі, 55 мекенжайындағы СҚО ПД кадр саясаты басқармасынан 314 және 315 кабинеттерінде, сондай-ақ 8 (7152) 61-26-68, 61-26-50 телефондары бойынша, WhatsApp 8-708-204-71-63 нөмірі бойынша алуына болады. Сонымен қатар, Жұмабаев көшесі, 118 мекенжайындағы Петропавл қаласы Полиция басқармасының кадр саясаты бөліміне 217 кабинетке жүгінуге болады немесе 8 (7152) 49-32-17, 50-12-52, WhatsApp 8-701-869-92-40 нөмірлеріне хабарласуға болады. Аудан тұрғындары жергілікті полиция бөлімдеріне жүгіне алады.