Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері есірткі қылмысының алдын алу мақсатында студенттермен кездесті

Қостанай облысының полицейлері есірткі қылмысының алдын алу мақсатында студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де студенттер арасында синтетикалық есірткінің жаңа түрлерінің қауіптілігі туралы профилактикалық кездесу өтті.

Спикер ретінде Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Айгүл Ераділова қатысты. Ол қазіргі қоғамдағы нашақорлық мәселесі күн сайын өзекті болып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға барынша көңіл бөлу бұрынғыдан да маңызды.

Қостанай облысы ПД қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша өз жұмысында әртүрлі әдістерді пайдаланады. Солардың бірі ретінде есірткінің адам ағзасына зиянды әсерін көрсету болды.

Студенттерге нашақорлықтың алдын алу, әртүрлі тектегі есірткілердің зияны және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тыйым салынған заттарды қолдану мен таратудың құқықтық аспектілері туралы айтылды.

Кездесуге қатысушыларға есірткіге қарсы бейнероликтер, соның ішінде есірткіні теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күніне орай түсірілген деректі фильм көрсетілді.

Құқықтық тәртіп өкілі студенттердің назарын наркология бөлімшелерінде есепте тұрған жастардың қандай қиындықтармен бетпе-бет келуіне және есірткіні қолдану болашақта жұмысқа орналасуға сондай-ақ жеке өмірге қалай әсер ететіні туралы айтылды. Өзекті мәселені тікелей талқылауды студенттер белсенді түрде қолдап, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру