Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 40 жастағы ер адам сауда орталығынан ішімдік ұрлаған

Шымкентте 40 жастағы ер адам сауда орталығынан ішімдік ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 47 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол өз арызында, Шымкент қаласының ірі сауда орталықтарының бірінде әкімші болып жұмыс жасайтынын, 30 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында сауда сөресінде тұрған бір дана «Түркістан» коньягын белгісіз ер адам жасырын түрде жымқырып кеткендігін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 1769 теңге.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 187-бабы 1-бөлігі 1-тармағымен (Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары хабарды алған бойда шұғыл түрде қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің «ізін суытпай», бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 40 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты.

Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Анықталдай, ер адам дүкенді аралап жүріп, өзінің талғамындағы коньякты таңдап, құнын төлемей дүкеннен бой тасалаған. Сауда орталығынан шыққан бойда үйіне дейін шыдай алмай, сондағы автотұрақта конькты ашып, бірден ұрттап, тауысып қойған.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықтап жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру