Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық СҮ-нің бірінен спорттық киім ұрламақ болған жігіт ұсталды

Елордалық СҮ-нің бірінен спорттық киім ұрламақ болған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері «Қоғамдық қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бутиктен ұрлық жасамақ болған 26 жастағы жігітті анықтады. Сауда және ойын-сауық орталығының бутигіне кірген жігіт сатып алушы кейпіне еніп, спорттық киімді таңдап, кейін киім ауыстыратын бөлмеге кірген.

Ер адам киімдердегі тиісті қорғаныс құралдарын кесіп тастап, содан кейін оларды өзіне киіп, бутиктен шыққан. Бірақ оның әрекеті назардан тыс қалмай, шығып бара жатқан кезде оны полицейлер анықтаған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам кінәсін толық мойындады, оның Астанада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру