Маңғыстауда тәртіп бұзған 500-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды
Маңғыстауда жыл басынан бері тәртіп бұзған 500-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Учаскелік полиция құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы жүйесіндегі негізгі буын болып табылады. Учаскелік инспекторлар азаматтардың құқықтарын қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқықтық тәртіп пен қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру және басқа да мәселелерге қатысады.
Бір айлық көрсеткішке сүйенсек, өңірімізде жыл басынан бері учаскелік полицейлермен ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша 20 дерек тіркелді.
Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 438-бабы (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша 18 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атаулы кодекстің 434-бабын (Ұсақ бұзақылық) бұзған 14 тұлға және ӘҚБтК-нің 434-2-бапқа (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес 309 адам анықталды.
Ал 490 құқық бұзушы беймезгіл уақытта тұрғындар тыныштығын бұзған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 437-бабымен (Тыныштықты бұзу) хаттама жасақталды.
Одан бөлек ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша учаскелік полиция инспекторларымен 374 дерек анықталды.
Әкімшілік кодекстің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша бір ай ішінде 576 тұлға жауапқа тартылды.